Қазақстан дамудың келесі кезеңіне әділетті Қазақстан құруға тарихи таңдау жасауға аяқ басты. Соның бір дәлелі – бүкіл халықтың қатысуымен ел тағдырын анықтайтын референдум өткізу.
Президент Қ.Тоқаев суперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті бар президенттік республикаға көшу және азаматтардың игілігі үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу және 20-дан астам заңды қабылдау қажеттігі туралы айтты. Парламент палаталарының рөлін күшейту, Мәжілісті қалыптастырудың аралас моделін енгізу, Парламенттің бақылау функцияларын кеңейту арқылы азаматтардың мүддесін қорғау механизмін күшейтетіндігі айтылды. Сонымен қатар, сот шешіміне көңілі толмаған азаматтар Конституциялық сотқа тікелей арыздана алатындығы және саяси партиялар арасында бәсекелестікті қалыптастырып, азаматтардың ел дамуына атсалысуына үлкен мүмкіндік жасайтынын айтуға болады. Бұл елдің дамуы үшін жасалған игі қадамдардың бірі деп білемін. Жердің және табиғи ре сурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор. Уақыт озған сайын заман талабы өзгеріп келеді. Елдің құқықтық жүйесінің басым көпшілігінің өзгерісі және азаматтардың ол туралы біліп, оқып, оған қатысуы өте маңызды. Сондықтан азаматтардың белсенділік танытуы тиіс деп ойлаймын.
Тапсырыс беруші:
Ә.ҚАРЖАУОВА,
«AMANAT» партиясы Мақат аудандық филиалының атқарушы хатшысы