Әр адамның белсенділігі - маңызды

(0 Votes)

2022 жылдың 29 сәуіріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының “Ел бірлігі - жаңарған Қазақстанның тірегі” атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев нақты мақсаттары белгілеп қана қоймай, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталған шараларды атап өткен болатын.

Осы ретте ақпараттық түсіндіру тобының ұйымдастыруымен аудандық білім бөлімі және Мақат жөндеу депосында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ш.Ишанғалиев және “Қоғамдық келісім” КММ-нің ауданы бойынша сарапшысы Ж.Барлыбаева, “Мақат жастары” ҚБ-нің төрайымы А.Қангереева қатысты.

2

Онда Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен жаңа Қазақстан құруда ел бірлігінің маңыздылығы туралы мәселелер айтылды. Сондай-ақ, ақпараттық түсіндіру тобы мекеме ұжымын жаңа бастамаларға қолдау көрсетіп, референдумға бір кісідей атсалуға шақырды.

3
Конституцияны жалпыхалықтың дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі. Яғни, референдум - әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Сондықтан, саяси науқаннан қалыс қалмаған жөн.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521