«Қытайды жақсы білетін Президент» - Қытай ақпарат құралдары Тоқаев туралы

Фото: akorda.kz
(0 Votes)

Қазақстан Президенті Қытайға екі күндік ресми сапармен барды және Қытайда өтетін 3-ші «Бір белдеу, бір жол» форумына қатысуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazinform. 

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдарының бірі саналатын ChinaNews тілшісі Қазақстан Президентінің сапары туралы тікелей эфирдегі репортажы барысында Қасым-Жомарт Тоқаевты «Қытай халқының жақсы досы» және «Қытайды жақсы білетін шетелдік Президент» деп атады.

Қытайлық БАҚ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайда оқығаны, тұрғаны туралы айта келе, қытайдың көптеген дәмді тағамы Қазақстан Президентіне зор әсер қалдырғанын да еске алды.

«Бұл - Президент Тоқаевтың Қытайға биылғы екінші рет келуі, - деп атап өтті ChinaNews тілшісі. - Қазақстан Президентінің Қытайға алтын күздегі осы сапарынан екі жақты қарым-қатынастың дамуы жаңа кезеңге аяқ басуын және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын құрудағы бірлескен күш-жігеріне жаңа серпін беруін күтеміз».

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT