Қазақстан Президенті Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған едік.