Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы басталды

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ХХХІІ сессияның тақырыбы – «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму».

Кеше басталған шараның бірінші күнінде сессия делегаттарының қатысуымен панельдік пікірталас өтті.

Сессия аясында түрлі диспора өкілдері Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ортақ киіз үй құру рәсіміне қатысты.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның айтуынша, Ассамблея жанынан құрылған медиаторлар институтына 10 мыңға жуық арыз-шағым түскен.

Кешегі панельдік талқылау кезінде елдегі саяси реформа туралы да пікіралмасу өтті.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына қатысатыны хабарланған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT