Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президентімен кездесу өткізді
(0 Votes)

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронмен екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады.

Мемлекет басшысы Франция еліміздің Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті.

Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар түрлі салада, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты іске асырылып жатқанына тоқталды.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар жемісті дамып келеді.

Қазақстан мен Франция президенттері өзекті геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

 t.me/aqorda_resmi

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT