Қарақат Шымкент жұртшылығымен кездесті

(0 Votes)

​Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасуда. Кеше кандидат Шымкент қаласының сайлаушыларымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

​Қала тұрғындары, туристік сала мамандары, қазақ ұлттық тағамдарына негізделген мейрамханалардың өкілдері мен кәсіпкер әйелдер қатысқан кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер мен туризмді дамыту сұрақтары талқыланды.

​«Шымкент қаласының ішкі және сыртқы туризмді дамытуда әлеуеті өте зор. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен инфрақұрылымның жақсаруы – бұл туризмді дамытудың бір ғана қыры. Осы саланы жетілдіру арқылы біз еліміздің ұлттық және тарихи-мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттай аламыз. Қазақ ұлттық тағамдарын жаңғыртып, туристерді қызықтырудың ең ұтымды бағытын дамытып жүрген кәсіпкерлердің де бастамаларына қолдау көрсету керек»,- деді Қ.Әбден.

​Сайлаушылармен кездесуден кейін кандидат өңірдің тыныс-тіршілігімен танысып, қалада өтіп жатқан «Көксарай» футбол турнирінің жеңімпаздарымен кездесті. Өзінің құттықтау сөзінде Қарақат Әбден бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызын ерекше атап өтті.

​Бұдан бөлек, кандидат аймақтағы сайлауалды штабының өкілдерімен жүздесіп, үгіт-насихат жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT