Президент сұхбатындағы 10 МЕССЕДЖ…

Президент сұхбатындағы 10 МЕССЕДЖ…
(0 Votes)

Президенттің Egemen Qazaqstan газетіне шыққан сұхбатын оқып, біраз керекті дүниелерді түртіп-түртіп алдым. Ең әуелі, бұл интервьюдің басты ерекшелігі – Президент осы күнге дейінгі саяси оқиғаларға, халықты толғандырып отырған қоғамдық меселелерге ашық жауап беріпті. Бұл жәй ғана 2023 жылдың қорытынды есебі емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік басына келгеннен бергі атқарған қызметтері, не қолдан келді, не қолдан келмеді, бәрін тәптіштеп түсіндірген баяндама деп санаймын. Жылдың ең алғашқы маңызды сұхбатын қазақша беруі – биыл қазақ тілінің мәртебесіне үлкен мән беріледі деп түсініп отырмын. 

Сонымен, не айтты?

1) Дәл қазір Атом станциясы мәселесі қызу талқыдағы тақырып қой. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді.

2) Қытайға қатысты ескі қорқыныш бар. Бірақ бұл қазақтың өз қорқынышы емес, сырттан таңылған, орысша айтқанда «выученная паника». Қытайды тану керек, саудаласып, жақсысын алу керек. Өз мүддемізді ұмытпауымыз ләзім.

3) Ресеймен тату көрші болу, экономикалық һәм гео-саяси біраз шаруаны бірлесіп шешуге міндеттіміз.

4) Жаңа Қазақстан – заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұратын жаңа қоғам, жаңа мемлекет.

5) Біздің заңнамамызда азаматтарды саяси көзқарасы үшін қудалауға негіз болатын бірде-бір жарлық, бірде-бір заң, бірде-бір нормативтік құжат жоқ.

6) ҰҚШҰ әскерін кіргізу туралы: Біз бұл құрылымның мүшесі ретінде Ресейге емес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына жүгіндік. ҰҚШҰ бітімгерлік күштері лаңкестікке қарсы операцияларға қатысқан жоқ, бірде-бір оқ атқан жоқ.

7) Қаңтар туралы: Аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру ең басты міндет еді.

8) …Мемлекетте үлкен және кіші Президент деген болмауы керек. Шыны керек, еліміздегі ескі биліктің өзінің экономикалық мүдделерін қорғап қалуы үшін мемлекетті басқаруға қосарлануға тырысқандығы анық. Реакциялық күштер өздерінің «Өзі би, өзі қожа» кездерін аңсап, мемлекеттік басқару тетіктерін қайтаруға күш салғаны да анық. Осы мәселені жұмсартпай, қалай бар, солай жеткізгені ұнады. Сөзінің тоқ етері «кеттің бе, қайырылма!» дегені барша саяси күштерге айтылған месседж деп ұқтым.

9) Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді.

10) 2024 жылы Қазақстан бірнеше беделді халықаралық ұйымға, атап айтсақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етеді.

Абдолла Идресов,

«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы , облыстық мәслихат депутаты

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT