Президент инвестициялық ахуал туралы: Қазіргі дағдарыстан шығынсыз шығу керек

(0 Votes)

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде санкция, инвестициялық ахуалға да тоқталды.

- Бақылаудың барын өтірік таныту тауарлардың тапшылығы мен сапаның құлдырауына әкеліп соғуы мүмкін. Тепе-теңдік керек. Бәсекеге қабілетті тауар нарықтарын шамадан тыс баға жағынан реттеу елді жеке инвестициялардан айырады. Салдарынан мемлекет осындай салаларға инвестиция салуға мәжбүр, сөйтіп бизнестегі ісі бұлыңғыр, икемсіз операторлардың санын арттырады. Өте мұқият болу керек және нарықтық экономиканың негізгі принциптерінен ауытқымау қажет. Бұл тауар нарықтарына да, табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтеріне де қатысты, - деді Мемлекет басшысы.


Президент инвестициялық ахуал туралы айта отырып, осындай күрделі жағдайлардың өзінде де Еуроодақтан, АҚШ-тан, Қытайдан, тек қаржылық қана емес, технологиялық құзыреттері бар басқа да елдерден де тартылатын инвестициялар көлемін сақтау және оны ұлғайта түсу үшін бар күш-жігерді жұмсайтынын атап өтті.


- Бауырлас Түркия мен Орталық Азия елдері маңызды сауда-инвестициялық серіктестерге айналып келеді. Жолға қойылған байланыстар мен тізбектерді сақтай отырып, қазіргі дағдарыстан шығынсыз шығу керек. Бұл жұмысты жандандыру қажет, бірақ әрине санкциялар контекстін де ескерген жөн, - деді Мемлекет басшысы.

Дереккөз: Zakon.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521