Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып сайланды

(0 Votes)

Ол 2025-2027 жылдар аралығында бас хатшы қызметін атқарады.

Нұрлан Ермекбаев 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келген. 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Әскери Қызыл Ту институтын үздік тәмамдаған. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап 1991-1996 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Еуропа және Азия елдеріндегі сыртқы-экономикалық өкілдіктерінде жұмыс істеді.

Саяси ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, «Локальді жанжалдарға қатысушыға. Ангола», «Сыртқы барлауға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және басқа да медальдарымен марапатталған.

1996 жылдан 2001 жылға дейін еліміздің жетекші сауда-қаржы құрылымдарында басшылық қызмет атқарды.

2001-2014 жылдары дипломатиялық қызметте болып, Қазақстан Республикасының ҚХР, Вьетнам, КХДР, Сингапурдағы елшіліктерін басқарды. ҚР Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі кеңесшісі, көмекшісі, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі. 2014-2016 жылдар аралығында және 2018 жылғы сәуір-тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді.

2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2018 жылдың тамызында Бүкіл қазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып сайланды.

2021 Нұрлан Ермекбаев министрліктегі қызметінен отставкаға кетті.

Бұған дейін ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT