Н.ОЖАЕВ МАҚАТТЫҚТАРДЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ

(0 Votes)

18-ші мамыр күні елімізде тұңғыш рет өтетін референдумның мән-жайын түсіндіру үшін Парламент мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаев пен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасы Сайын Қуанышев ауданға ат басын бұрды.

Бәйгетөбе ауылдық округінен басталған кездесулер легі әрі қарай аудандық орталық кітапхана мен орталық ауруханада жалғасты. "Мақат" және "Денсаулық" бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен болған кездесуде еліміздің болашағы үшін жасалғалы жатқан қадамның маңыздылығына баса мән берілді.

Бәйгетөбеліктердің алдында тікесінен тік тұрып тіл қатқан халық қалаулысы:

"Бұл өткелі отырған референдумның маңызы мен мәні өте үлкен. Себебі Конституцияның 33 бабына өзгеріс енгізейік деп отырмыз. Елдегі кемшіл қалған тұстарымыз бар, даму үрдісіміздегі тұралап қалған реттеріміз, халықтың қажеттілігі мен сұранысы, қысып тұрған жаһанның талабы. Қазір қай жаққа қарасақ та осыған баруға мәжбүр болып отырмыз. Осыны Мемлекет басшысы Қ.Тоқев әлденше рет айтып келе жатыр. Және соған жеттік те. Кешегі қаңтар оқиғасының әрбір факторы да осыған жеткізді",- деді.

abbdd251-68f8-4e34-80d3-3a50bbb6495e

Бәйгетөбенің тектілігін жоғалтпаған ауыл екенін алға тартқан Нұрлыбек Жұмахметұлы ертеңгі референдум кезінде де "жүз пайыз көрсеткішпен белсене дауыс берерсіздер",- деп сенім білдірді.

"Халық пен биліктің арасындағы алшақтықты мейлінше жақындату, билікке белсенділігін арттыру - тарихи оқиғаның басты ұстанымы. Біріміз айта білсек, біріміз тыңдай білсек орын алған әділетсіздіктерді бірге жоя аламыз. Бұрын өтпелі кезеңде суперпрезиденттік модельмен жұмыс жасадық. Барлығын бір адамға бағыштадық. Себебі - тезірек шешім қабылдау керек болды. Енді қазір ата заңымыздың отыз пайызы өзгергелі тұр. Бұл өзгерістер арқылы президенттік республика мықты парламентімен өзінік жаңа модель қалыптастырғалы отыр. Президентіміз 29-шы сәуір күні "Жаңа қазақстанға" нақты анықтама берді. "Жаңа Қазақстан" - әлеуметтік Әділетті Қазақстан. Бұл үш ауыз сөздің астында жаңа қоғамдағы әділетсіздікті жою арқылы біздер жаңаша қоғам құрайық деген ой жатыр. Бүкіл әлем көз тігіп отырған осынау сындарлы сәтте ұлтымызға тән ынтымағымыздың деңгейін көрсетер сәт туды. Бұл да демкортаия жолына басылған ауқымды қадам",- деді қадірлі мейман.

 

А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521