Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ең алдымен бүгін Амал күні баршаңызға құтты болсын дегім келеді.
Қыстан аман-есен шығып, ағайын-бауырмен көрісу – ежелден келе жатқан ата дәстүріміз. Бұл күн – Әз-Наурыздың бастауы. Еліміздің төл мерекесі биыл да қасиетті Ораза айына орайлас келіп отыр.
Қастерлі мейрамдарымыз халқымызды игі амалдар жасауға үндейді. Асыл қасиеттерімізді кеңінен дәріптейді. Құрылтайдың ұлық мерекелермен қатар өтіп жатқаны – жақсылықтың нышаны», — деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.