Мемлекет басшысы Ақтөбенің Саржансай ауылындағы спорт кешеніне барды

Мемлекет басшысы Ақтөбенің Саржансай ауылындағы спорт кешеніне барды
Фото: Ақорда
(0 Votes)

Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына жұмыс сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұл нысанның жалпы аумағы 1048 шаршы метрді құрайды. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді.

Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды. Спорт адамның көзқарасын түзейді. Әсіресе жастарға күш-жігер береді.

Мемлекет басшысы футболға қолдау көрсетілетініне тоқталып, аталған спорт түрінің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барғанын жазған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521