Мәслихат қарастырған мәселелердің саны 112-ге жетті

(0 Votes)

Қазіргі таңда мерейлі мерекеге орай Атырау облысында іс-шаралар өтуде , - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық мәслихаты практикалық конференция мен салтанатты жиын өткізуге ниетті. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте  Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ  Зинуллин мәлімдеді.

- Жыл басынан бері облыстық мәслихатта  40-тан астам сессиясында 112 мәселе қарастырылды.  Бұл мәслихаттың  өңірлік мәселелерге баса назар аударып жатқандығын көрсетеді, - деді Өмірзақ Зинуллин.

Сонымен қатар, мәслихаттар әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге де белсене атсалысады.  Солардың бірі – аудандық депутаттар.  Олар өз тараптарынан демеушілік жасау барысында  жыл сайын  көптеген мәселелердің шешімін тауып жүр.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT