МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЕШҚАЙСЫСЫ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАСЫН

(0 Votes)

«Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа сайланған ауылдық округ әкімдерімен кездесті»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы сайлауда халық сеніміне ие болып, жеңімпаз шыққан ауыл әкімдерін құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысы «бұл біз үшін стратегиялық мәні бар айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік»- деп ерекше маңыз берген болатын. Біздің облысымыз бойынша да саяси науқан өз дәрежесінде, жоғары бәсекелестік деңгейінде өтті»,-деді М.Досмұхамбетов.

bcca156a-7676-47e6-8c4f-d7e5b3c14ddd

Өз кезегінде сөз алған Атырау қаласы, Қайыршақты ауылдық округінің әкімі Шапхат Калиев алдағы жоспарларын айтты.

«Сайлау алды бағдарламамда елді мекендерде халық санының артуы және халықтың сұранысының өсуіне байланысты округте 3 мектеп, 6 балабақшаның жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Осы жылы аяқталу жоспарда тұр. Ағымдағы жыл мен алдағы жылдары осы нысандарды іске қосу үшін бар күшімді саламын және көрсетілген жұмыстарды орындау үшін халықтың сенімін ақтауға қызмет етемін»,-деді.

«Адал» партиясы атынан сайлауға түскен, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округінің әкімі Қайсар Мақсотов жас болса да, өзінің бар білімі мен күш-жігерін ауылды көркейтуге жұмсайтынын жеткізді.

«Ауыл тұрғындарының қандай қабілеттері бар, жұмыссыздық қалай орын алып отыр, соны талқылап, ауыл тұрғындарымен бірлесіп шешуді қарастырамыз. Яғни, халықпен бірге осыларды іске асыра отырып, жергілікті бюджеті толықтырып, ауылдың көркеюіне өзіміз әрекеттенеміз»,-деді Қ.Мақсотов.

b7cf49cd-d981-4b8c-8272-3c7309f3cd37

Жиын соңында аймақ басшысы ауылдық округ әкімдеріне «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» тұжырымдамасына сәйкес, алдағы уақытта жергілікті басқару құрылымдарында көптеген өзгерістер болатынын атап өтті. «Жергілікті қоғамдастық жиынының өкілеттіктері кеңейтіледі. Бюджет түсімдерін тек коммуналдық меншік нысандарына, салық түсімдеріне қарамай жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыру арқылы арттыру жолдарын қарастыру қажет»,-деген облыс басшысы ауылдық округтерде жергілікті қоғамдастықтың қазіргі жиналысын қайта құру арқылы өкілді органның функциялары бар алқалы жергілікті өзін-өзі басқару органы – Кеңес құрылатынын да жеткізді.

ae132732-de73-4521-a3cb-9c48ab6f916a
«Сайлау алды бағдарламаларыңызда көзделген міндеттер жоспар күйінде қалмауы тиіс. Барлық мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуді қатаң бақылауға алып, тиісті шаралар қабылдау қажет. Өз тарапымнан орынбасарларым мен аудан әкімдеріне қолдау білдіруді тапсырамын»,-деген М.Досмұхамбетов, сайлау алды үгіт-насихат жұмыстары кезінде халық тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің бірде-біреуі ескерусіз қалмауы тиіс екенін баса айтты.
Айта кету керек, облыстағы 18 ауылдық округте өткен сайлауда 52 үміткер бақ сынады. Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамнан келді. Сайлау нәтижесінде 8 әкім қайта сайланып, 10 әкім жаңадан қызметке кірісіп, сайланған әкімдер корпусы құрамы жартысынан астамы жаңарды. Яғни «Nur Otan» партиясынан 15, «Adal» партиясынан 1, өзін-өзі ұсынған 2 кандидат округ әкімі болды.

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT