Мақаттықтар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

(0 Votes)

Мақаттықтар да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, зұлмат жылдары қаза тапқандарды аза тұтты.

Доссор кентіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке 18 мекеме ұжымы жиналып, солақай саясаттың құрбаны болған азаматтардың рухына құран бағыштап, бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудан әкімі Ринат Ибрагимов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов бастап, ескеркішке гүл шоқтарын қойды. Қазір ауданда қуғын-сүргін құрбандарының 2 ұрпағы ғана қалған. Солардың бірі доссорлық Галина Кувалаки. Ол отбасының тарихын баяндай келе, қиын-қыстау заманда бауырына тартып, барымен бөліскен қазақ халқының қамқорлығына ризашылығын білдірді. Галинаның ата-анасы Михаил және Мария Кувалакилер Қырымнан 1944 жылы Доссорға жер аударылған. Бір күнде репрессияға ұшырап, бір ай бойы жол жүріп осы өлкеге табан тіреп, ауыр жұмысқа тартылған.

payamyat-makattt

«Қазақ еліне, Доссор жұртшылығына алғысымыз шексіз. Ата-анамыз жазықсыздан жазықсыз вогондарға тиеліп, осында келгенде олар жат көрмеген. Қолдарынан келгенше қоныстандырып, көмектерін көрсеткен. Осы жақсылықтары үшін марқұм ата-анамның атынан, өз атымнан алғысымды айтамын. Құрбан болған жандардың топырағы торқа болсын. Қазақстанымыз гүлдене берсін», - деді Галина Кувалаки.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс- шарасы одан әрі №3 Доссор кітапханасында жалғасып, құрбандардың ұрпақтарымен жастардың кездесуі ұйымдастырылды.


Мөлдір Ізтұрғанова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT