№205 учаскеге мүмкіндігі шектеулі 1-топ мүгедегі келіп, саяси науқанда өз таңдауын жасады.
Денсаулық жағдайына қарамастан арнайы келген аудан тұрғыны
"Жағдайым нашар болса да осы жерге келіп өз даусымды беріп отырмын. Көп балалы ата-анамыз. Біз жағдайымыздың жақсарғанын, еліміздің одан әрі дамығанын қалаймыз",-дейді ол.
Сайлау учаскесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін барлық мүмкіншіліктер жасалған.
Олар тұрғын үйлеріне жақын учаскелерден бөлек, арыз жазып, дауыс беру жәшігін үйге алдырып саяси науқанда дауыс бере алады.
А.Жұмабергенова