Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы арнайы дәріс алып жатыр

(0 Votes)

Халықтық коалицияның 20 мыңнан астам байқаушысы президенттік сайлау күні дауыс беру барысын бақылайды. Олардың барлығы Саяси менеджмент академиясы әзірлеген оқыту курсынан өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияның нақты ұстанымы – алдағы президенттік сайлау тек қана заң талаптарына сай өтуі тиіс. Электоральды процестің әділ және ашық өтен қамтамасыз ету үшін Саяси менеджмент академиясы байқаушылар үшін арнайы курстар ұйымдастырды.

Академия директоры Данияр Мұқитановтың айтуынша,  сайлаудың ашық өтуі үшін байқаушылар шешуші рөл атқарады.

saylau1

«Әрбір байқаушы өз жұмысын дұрыс және заңды түрде жүзеге асыру үшін өз құқықтары мен міндеттерін нақты білуі тиіс. Оларға ең алдымен үйрететініміз – заңдық тұрғыдағы мәселелер. Біз барлық бағыттар бойынша әдістемелік құралдар әзірледік, оларды оқу аяқталғаннан кейін әрі қарай жұмыс істеу үшін әрбір байқаушыға үлестіреміз», – деді ол.

Дауыс беру күні  Халықтық коалицияның байқаушылары еліміздің барлық сайлау учаскесінде жұмыс істейді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT