Кәсіпкерлікке кең қолдау

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі екенін, шағын әсіресе микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын мәлімдеді.

«Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді» деп өте орынды айтқан. Біз халықты жұмыс істеп, пайда табуға бастауымыз керек деп ойлаймын.  Бүгінгі таңда мемлекет шағын және орта бизнеске тиісті қолдау көрсетіп келеді. Әсіресе ауыл­ды жерлерде мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып, тірлігін тіктеп отырған азаматтар көп. Мұндай азаматтар өзін өзі жұмыспен қамтып қана қоймай, экономикалық өсімге де үлес қосатын болады.

М.Серікқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT