Ең жас дауыс беруші - Әділжан

(0 Votes)

№208 референдум учаскесінде дауыс берушілердің қарасы қалың. Солардың бірі, 250-ші болып дауыс берген Әлілжан Төлегенұлы.

2 ай бұрын 18 жасқа толған ол тарихи күннің маңыздылығын да айтып өтті.
“Биыл Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің электро-энергетика мамандығының 1 курсын бітірдім. Бұл менің дауыс беруге алғаш рет қатысуым. Еліміз үшін саяси маңызды қадамнан қалыс қалмай, өз таңдауымды жасауға келдім” - дейді Әділжан.

Айта кетейік, сайлау учаскесінің комиссия мүшелері ең жас дауыс берушіге арнайы сыйлық табыстауды ұмыт қалдырмады.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT