№2 Бастауыш мектебінде орналасқан №208 референдум учаскесінде дауыс берушілер қатары аса белсенді.
Олардың арасында ең қарт дауыс беруші де бар. 87 жастағы Жолдас Меңешов денсаулығына байланысты үйден дауыс беруге өтініш білдірген. Соған байланысты референдум учаскесінен референдум мүшелері дауыс беру жәшігін ақсақалдың үйіне жеткізді. Сондай-ақ, ол өтіп жатырған референдумның ел болашағы үшін маңызды қадам екенін тілге тиек етіп, жарқын болашақ үшін әрбір азаматтың дауыс беруі маңызды екенін жеткізді.
Айта кетейік, №208 сайлау учаскесінде қазірге дейін 600-ге жуық тұрғын дауыс беріп үлгерген.
Ә.ҚАСЫМ