Дауыс беруге отбасымен бірге келді

(0 Votes)

Аймашевтар отбасы №205 референдум учаскесіне келіп дауыс берді. Аталмыш учаскеге жұбайы және келінімен келген Қазбек аға маңызды қадамдардың барлығы жақсылықтың нышаны дейді.

"Қай уақытта да жақсылыққа ұмтылу керек. Сол жақсы жаңалықтардың бастамасы үшін жұбайым мен келінім үшеуміз келдік. Елімнің әр шаңырағына береке мен бірлік тілеймін. Аман болыңдар!",-дейді зейнеткер Қазбек Аймашев.

Сондай-ақ, қызын және немересін ерте келген Утеулиевтер де бүгінгі саяси науқанға арнайы отбасымен келгенін атап өтті.

Айта кетейік, №205 учаскеде қазіргі уақыт бойынша елу адам дауыс беріп үлгерген.

Референдум учаскесі талапқа сай, дауыс беру жәшіктерімен, қажетті ақпараттық материалдармен, техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың да дауыс беруі үшін барлық мүмкіншіліктер қарастырылған.


А.Жұмабергенова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT