Мемлекет билік тетіктерін халыққа беруге қадам жасап жатқан кезде біз де барынша белсенді болуымыз керек.
Бүгінгі таңдағы саяси жүйедегі өзгерістердің ауқымы ескі жүйе мен жаңа жүйенің арасындағы жолайрық секілді. Сонымен бірге елге өзінің билігін қайтарып беру жөніндегі ең үлкен реформация деп айтуға болады. Және бүгінгі таңда ең негізгі мәселе ғып Президент Қ.Тоқаевтың өзі айтқандай "Әділетті Қазақстан" дегеніміздің негізі әлеуметтік әділеттілік. Біздің еліміздің барлығы осы мемлекеттің ішіндегі экономикалық игіліктерге қол жетімді болуы керек. Міне осы мәселелердің барлығы конституцияның ішінде жан жақты қарастырылған. Сондықтан бұл конституция біздің әлеуметтік саяси қоғамдық экономикалық жүйеміздің барлығын толғымен жаңа форматқа көшіреді. Бұл мәселе бүкіл халықтың қатысуымен жүзеге асуы керек.
С.Халенов Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы