Азат Перуашев сайлауда дауыс берді

(0 Votes)

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азат Перуашев бас шаһардағы №122 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Сайлаудан Әділетті Қазақстанды күтеміз. Менің ойымша, 20 жыл бойы мұндай ашық әрі ауқымды сайлау науқаны болмаған шығар. Егер біздің қоғам мен мемлекет бұл қарқынды бәсеңдетпей, ашық диалогты жалғастыра берсе, онда шынымен де біздің өміріміз жақсарады, Сонымен қатар бұл қадамдар әділдікке бағытталған өзгерістердің басы болмақ», - деп мәлім етті Азат Перуашев.

Еске салайық, ҚР Конституциясына сәйкес, Парламент Мәжілісі аралас сайлау жүйесі бойынша Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 98 депутаттан тұрады. Бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі аумағы бойынша, яғни партиялық тізім бойынша Мәжілістің - 69 депутаты, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 29 депутат сайланады.

19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші сайланған Парламент Мәжілісін тарату және 19 наурыз күні Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл күні Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521