Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шафхат Өтемісов Атырау облысына екі күндік сапармен келді

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың 23 мамырында облыс әкімі аппараты басшысының, әділет департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармалары басшыларының, облыс прокуратурасы өкілінің, аумақтық референдум комиссиялары мүшелерінің қатысуымен референдумға дайындық пен оны өткізу, дауыс беруге арналған учаскелерді материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі әкімдіктер мен аумақтық референдум комиссияларының жұмысы туралы семинар-кеңес өткізді. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы, дауыс беру күні БАҚ өкілдерін тіркеу тәртібі, референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Атырау қаласының учаскелік комиссия мүшелерімен кездесу аясында «Дауыс беру күні» атты ойын тәртібін қолдана отырып, комиссия мүшелеріне арналған семинар-тренингі өткізілді.

Семинар-тренингтің мақсаты учаскелік референдум комиссиясы мүшелерінің дауыс беру рәсімін игеруі, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімімен, есептен шығару куәліктерімен, азаматтардың, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің ауызша және жазбаша өтініштерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын игеру.

а.ж. 23-24 мамырында Ш.Өтемісов учаскелік комиссиялардың дауыс беру күніне дайындығын тексеру мақсатында Атырау қаласының және Махамбет ауданының Бейбарыс, Сарайшық, Жалғансай, Махамбет ауылдарының учаскелік комиссияларына барды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT