Ауыл шаруашылығы заманауи ғылымға сүйенбесе, құрдымға кетеді – Жолдау

(0 Votes)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында агроғылымды дамыту жөнінде тапсырмалар берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Президент ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керегін жеткізді.

«Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес екенін, сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатынын айтты.

Бұған дейін Президент алдағы үш жылда агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70% жеткізу керектігін айтқан еді.

Сондай-ақ, елдегі ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр, жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT