«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Мәжілістегі депутаттарының тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2023 жылғы 27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесінің Президиум отырысы өтті. Партияның Жарғысына сәйкес жиында 2023 жылғы 19 наруызда өткен Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы нәтижесінде алған 8 депутаттық мандат иелері анықталып, бекітілді», - деп жазылған партияның баспасөз мәліметінде.
Сонымен «Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске енген депуттардың тізімі мынандай:
Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы;
Егізбаев Серік Рахметоллаұлы – партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі;
Абден Қарақат Жақсылыққызы – партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасына сәйкес);
Баққожаев Анас Ахатұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары; Саурықов Ерболат Байұзақұлы – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза ат. Тараз халықаралық инновация институтының президенті;
Арсютин Николай Геннадьевич – партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары;
Зейнуллин Аян Талғатұлы – партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры (жастар квотасына сәйкес);
Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы – партия мүшесі, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам мүшелерінің квотасына сәйкес).
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы жариялаған түпкілікті қорытынды бойынша, «Ауыл» партиясына Мәжіліс мінберінен 8 мандат берілген болатын.