Дауыс беру учаскелерінен шыққан тұрғындар үшін Жастар ресурстық орталығы Туған жер саябағында ойын алаңын ұйымдастырды.
Мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа аудан тұрғындары белсене қатысты.
Бірі гір тасын көтеріп, бірі арқан тартысып, бірі домбыраны күмбірлетті.
Сондай-ақ, кішкентай балапандар үшін батут құрылды. Ойын алаңына келушілердің көбі №205, 206 референдум учаскелеріне дауыс берген тұрғындар.
А. Жұмабергенова