Атырауда Рухани келісім күні атап өтілді

(0 Votes)

Атырау облысы Ішкі Саясат басқармасы, Қоғамдық келісім КММ ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім – бейбітшіліктің, тұрақтылықтың  және прогресс жолындағы  табысты дамудың  негізі» атты өңірлік  ғылыми-тәжірибелік  конференция өтті.

Алғашқы сөз кезегін алған Атырау облысы Ішкі саясат  басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова атаулы күннің мән маңызы мен шығу тарихына тоқталып, іс-шараға қатысушыларды арнайы құттықтады.

ibgsa

Атырау облысы «Ардагерлер кеңесі» ұйымының  төрағасы Мұрат Өтешов ежелден досқа қамқор, дұшпанға кешірімді,  көршіге мейірімді қазақ халқы Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ топырағын паналаған  640 мың өзге ұлт пен этнос өкілдері  қазақтың кеңпейілдіггін ұмытпауы тиістігін баса айтты.

obral

Конференцияның пленарлық мәжілісінде жергілікті ғалымдар мен дін саласының  мамандары, этномәдени бірлестік өкілдері баяндама жасап, ұлт пен ұлыс, түрлі дін өкілдері бас қосқан іргел шара болды.

Салтанат Сансызбай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT