Атырауда ардагерлер референдумды талқылады

(0 Votes)


Атырау қаласындағы Балғымбаев орталығында ардагерлер мен ақсақалдар кеңесінің мүшелері алдағы референдумды түсіндіру бойынша жергілікті аға буын өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Кездесу барысында жергілікті саясаттанушы Болат Нығметов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов өз пікірлерін білдірді.

- Ата Заңның шамамен 33 бабы өзгертілетіні, соның ішінде президенттің өкілеттігі қысқартылатыны, Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейтілетіні, азаматтардың қатысуы айтарлықтай кеңейетіні белгілі. Референдум өткізу-саяси дамудың келесі кезеңі. Бұл уақыт талабы. Себебі, ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысуы керек. Біздің мақсатымыз - осының барлығын халыққа қолжетімді тілмен түсіндіру, - деп атап өтті спикерлер.

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің ағымдағы жылғы 5 мамырдағы №888 Жарлығына сәйкес, 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521