Атырау мұнай өңдеу зауытында референдум тақырыбы қозғалды

(0 Votes)

Атырау мұнай өңдеу зауытында республикалық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев онлайн байланысқа шығып, аталған кәсіпорын қызметкерлеріне алда өтетін референдумның өту себебі мен мақсатын түсіндірді.

«Референудмның басты мақсаты – мемлекетітк басқару жүйесін демократияландыру. Президент билігін ықшамдап, Парламент құзыретін кеңейту. Сол сияқты, саяси партияларға қойылатын шектеулерді азайту. Өкінішке қарай, еңбек құқығының бұзылуына байланысты шығарылатын сот шешімдерінің 50 пайыздан көбісі жұмыс берушілердің пайдасына шешіліп жатады. Сондықтан референдум арқылы бұл мәселе де өз шешімін табады деп сенеміз» деді ол.

Сондай-ақ, шараға аталған бірлестіктің Атырау облысындағы төраға орынбасары Еділ Ұзақбай және «Азаматтық орталық» мекемесінің басшысы Жанат Досқалиева қатысып, жұмысшылардың құқығын қорғайтын нақты қандай баптарға қандай өзгерістер енгізілетінін айтып өтті.

Амандық АБДОЛ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521