Әділ Жұбанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып бекітілді

(0 Votes)

 Парламет Мәжілісінің депутаттығына 29 кандидат бірмандатты аумақтық сайлау округінен сайланады, солардың ішінде Атырау қаласының тұрғыны Әділ Жұбанов бар. AMANAT партиясы партиялық тізім бойынша мәжіліс сайлауына 90 кандидатты және бір мандатты округ бойынша 29 кандидатты тіркеп отыр. Мұндай шешім сейсенбі күні партияның XXV кезектен тыс съезінде қабылданды.

«Барлық 119 кандидатура алдағы Парламент Мәжілісіне сайлауға қатысу үшін бекітілді. Тиісті құжаттар белгіленген тәртіппен орталық және округтік сайлау комиссияларына енгізіледі», деді Елнұр Бейсенбаев. Тізімге AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов, бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев кірді. Сондай-ақ, Константин Авершин, Наталья Дементьева, Айгуль Куспан, Артур Платонов, Альберт Рау, Ерлан Саиров, Вера Ким, Екатерина Смышляева, Айдос Сарым, кәсіпкер Эмин Аскеров, спортшылар – Фируза Шарипова и Әлия Юсупова, Александр Данилов, қаржы вице-министр Татьяна Савельева, ақын Ринат Заитов, Мұрат Әбенов, Ғалым Байтук, Никита Шаталов және басқалары бар. Бірмандатты сайлау округынан үміткерлер қатарында мәжілістің экс-депутаты Нұртай Сабилянов пен Еділ Жаңбыршин бар.

Еске сала кетсек, Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау 2023 жылғы 19 наурызға белгіленген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT