412 мыңға жуық атыраулық сайлауға қатыса алады

(0 Votes)

Қазіргі таңда Атырау облысында 670 000 – ға жуық тұрғын бар, оның 412 000 – ға жуығы 18 жастан асқан науқанға қатыса алатын азаматтар.

- «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының байқаушыларға арналған семинар тренингіне Атырау облысы және қала бойынша жалпы саны 258 байқаушы қатысты, - дейді “Дауыс” қоғамдық байқаушылар коалициясы РҚБ Атырау облысының филиалының жетекшісі Даурен Сейткалиев.

Олар барлық облысымыздағы барлық сайлау участкасын толықтай қамтиды. Бұл байқаушылар өкілдері сайлау барысын, ашықтық пен дауыс беру тәртібінің орындалуын қатаң түрде қадағалау үшін жіберілді. Байқаушы өкілдердің барлығына оқыту жұмыстары халықаралық стандарттарға сай өткізіліп және де өкілдерге заңға сәйкес методикалық құралдар беріліп, оларға құжаттамаларды рәсімдеу талаптары түсіндірілді. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлайтын бүгінгі науқанда халқымыз ел үмітін ақтар депутаттарға дауыс береді деген сенімдеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT