2022 жылғы 22 қазанға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы аясында 2022 жылғы 22 қазанда ҚР ОСК Президенттікке кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді
Семинарда негізгі спикерлер ретінде Ортсайлауком мүшелері Сәбила Мұстафина, Анастасия Щегорцова, ҚР ОСК аппаратының бюджетті жоспарлау және орындау бөлімінің меңгерушісі Гүлназ Кембаева, «Халық банк» АҚ Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері Жанар Рахимова, Жания Досбаева, сондай-ақ «Астана қаласы әкімі аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы Айнагүл Иксан сөз сөйледі.
Семинар қатысушыларына Президенттікке кандидаттардың БАҚ-та сөз сөйлеуіне республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі мен тәртібі, кандидаттың сайлау қорларын құру, сайлау қорытындылары белгіленгеннен кейін қаражатты пайдалану туралы есептерді ұсыну, сондай-ақ кандидаттардың барлық қаржы операциялары мен процедураларын ашық, әділ қамтамасыз ету туралы мәселелер толық түсіндірілді.
Сайлауалды штабтардың өкілдері жариялы сайлауалды шараларды өткізу арқылы кандидаттардың сайлауалды үгітті жүргізу, оның ішінде БАҚ арқылы, баспа, аудиовизуалды және басқа да үгіт материалдарын шығару және таратудың құқықтық шарттарымен танысты.
Кандидаттардың сайлауалды штабтарының өкілдері тарапынан сайлау науқаны аясында қойылған барлық сұрақтарына семинардың спикерлері толық жауап берді.
Орталық сайлау комиссиясының келесі семинары 2022 жылғы 27 қазанда ҮЕҰ Академиясының алаңында өтетін сайлауды ұлттық байқауды жүзеге асыру мәселелері бойынша саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің және коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне жоспарланған.