Жылыой ауданы жедел штабының хабарлауынша, Жемдегі су қауіпті деңгейге, яғни 3.25 см көтерілді.
Сонымен қатар, Жем арнасынан су тасып, Құрсай өзегіне келуде. Бақашы шлюзі жабық тұр.
"Қазіргі таңда Құлсары қаласында қауіпті деп белгіленген аймақтарда (Автожолаушылар, Атырау ықшам аудандары және 8 ауыл, 9 ауыл, СМП 224) жұмыстар атқарылып жатыр.
Мұнда аудан еріктілері қызмет атқаруда. Одан бөлек жергілікті атқарушы орган өкілдері арнайы техникалармен осал тұстарды нығайту, қосымша топырақ төгу жұмыстарын атқаруда.
Су басу қаупі анықталған барлық жағдайларда құтқару қызметтеріне — 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз. Сонымен қатар штабтың байланыс нөмеріне +7778 249 02 53 WhatsApp арқылы хабарласыңыз" делінген Жылыой аудандық жедел штабы таратқан мәліметте.