ЖЫЛЫОЙДА ТЕРІ АРҚЫЛЫ КОРОНАРЛЫҚ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

(0 Votes)

 Отбасы мүшесінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін, оның тәнін не жан-дүниесін қинап, моральдық зиян келтіретін отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне келтірген кез-келген іс-әрекеті отбасындағы зорлық-зомбылық болып табылады.

Бұл орайда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болатын көбінесе әйел азаматшалар. Өкінішке орай, қазіргі уақытта қоғамның жедел дамуына қарамастан, әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тиылар емес. Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Құзырлы органдардың бәрі заңға бағынатын жұртқа зардабын тигізіп жатқан алаяқтыққа және сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттерге қарсы батыл шаралар қабылдауға тиіс.

Қазір «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Кез келген қоғамның, соның ішінде біздің қоғамның да басты ұғымдарға негізделген сұраныстары – әділдік және қауіпсіздік. Осы негізгі сұраныстардың толығымен өтелуі мемлекеттің тиімді жұмыс істейтінін айқын көрсетеді» деген болатын. Елімізде 2017 жылға дейін тұрмыстық зорлық көрсеткендер қылмыстық кодекспен реттеліп, қылмыстық жауаптылыққа тартылып келген болатын. Алайда, отбасындағы бірлікті сақтап, ерлі-зайыптылардың татулығына сызат түсірмеудің тиімді екені ескеріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылық қылмыстық кодекстен алынып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің соттылығына берілген еді. Бірақ, бұл өзгерістер отбасындағы сыйластықты арттырудың орнына, керісінше тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткішінің өсуіне әкелді. Тіпті жақынынан запа шегіп, жаны жараланған, денсаулығына залал келген шарасыз жандардың жанайқайы қоғамда жиі талқыланып, ақырында зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту мәселесін қайта көтерген еді. Өйткені, соңғы кездері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты оқиғалардың жиілеуі қоғамды алаңдатпай қоймады. Нәтижесінде бұл іске мемлекет басшысы өзі араласып, құзырлы органдарға зорлық-зомбылыққа қатысты заңдарды қатайтуды тапсырған еді. Осыған орай, елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң қабылданып, аталған заң биылғы 15 маусымнан бастап күшіне еніп, қолданысқа енгізілді.

Жоғарыда айтып өткендей, бұл заң - тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған, нақтырақ айтқанда, жаңа заң - әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді. Нақтырақ айтқанда, бұған дейін отбасының тыныштығын бұзып, жақындарына, некедегі зайыбына зәбір көрсеткендер «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 73-1,73-2-баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылса, ал жаңа өзгеріске сай бұл баптар әкімшілік кодекстен алынып, қылмыстық кодекске жаңа 108-1, 109-1 баптар болып енгізіліп, жаза қатайтылды. Сонымен қатар, бұдан былай кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандарға жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынып, тараптардың татуласуына мүмкіндік берілмейді. Бұдан басқа, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргендерге шектеу жазасы тағайындалмайтын болды. Жаңа заңда кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырмаған ата-ана немесе заңды өкіліне де жауапкершілік жүктеген. Аталған жаңа заңның да қолданысқа енгізілгеніне жарты жылға жуықтады. Дей- тұрғанмен әлі де жаңашылдықтарын халыққа түсіндіріп, насихаттау керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT