Жыл қорытындысы: Шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіші өсті

(0 Votes)

Өңірде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, бизнес-климатты жақсарту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштердің өсу динамикасы байқалып отыр.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде биыл бюджеттен 12,4 млрд. теңге бөлініп, 35,9 млрд. теңге болатын 1000-ға жуық кәсіпкердің жобасы қолдау тапқан.

Бүгінде пайыздық субсидиялау бойынша несие сомасы 27,3 млрд. теңге болатын 547 кәсіпкердің жобасы мақұлданған.

Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 5 млн.теңге көлемінде мемлекеттік грант 16 жобаға ұсынылған, жалпы мемлекеттік қайтарымсыз грант көлемі — 80млн. теңге. Бұл бағытта 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз грант ұсынуға 430 млн.теңге бөлініп, нәтижесінде 291 кәсіпкердің жобасы қолдау тапқан.

«Бұдан басқа, ауыл кәсіпкерлерін қолдау мақсатында өңірлік бағдарлама іске асырылып, өткен жылы жергілікті бюджеттен 480 млн. теңге қаражат бөлініп, 31 кәсіпкердің жобасы қаржыландырылып, олармен 17 жаңа жұмыс құрылатын болады»,-делінген баспасөз хабарламасында.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Сурет: egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT