Жедел басқару орталығы – адамдар көп жиналатын орындарды бақылауға, жаяу полицияның және автопатрульдерінің іс-қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бейнекамералардың құқық бұзушылықтың алдын алуда маңыздылығы зор.
Бүгінде Атырау қаласының аумағында 3506 бейнебақылау камерасы орнатылған. Осы жүйенің көмегімен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады.
Мәселен, 2024 жылдың 11 айы бойынша бейнебақылау жүйесін тиімді пайдалана отырып, 312 қылмыс және 23978 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Қылмыстардың ішінде ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстар бар. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларымен анықтайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі – алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған күйде көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу.
«Interceptor» жүйесі арқылы 2024 жылдың 11 айында:
— мемлекет алдында әкімшілік айыппұлдарды өтемеген борышкерлер саны — 3876;
— арнайы тұраққа қойылған автокөліктер саны — 1333;
— әкімшілік айыппұлдары өңделген саны — 2543.
«Сергек-Қорғау» жүйесі арқылы 2024 жылдың 11 айында 28945 құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде:
— айыппұл бойынша нұсқама берілгені — 19477;
— айып тұрағына қойылғаны – 470.
Майра ЕРҒАЛИ