Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғыны Kaspi.kz ірі электронды коммерция платформасы арқылы 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс сомасы өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2 есеге өскен.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе бұл туралы пікір білдірді:
«Біз онлайн сатып алу бұдан да тиімді, ыңғайлы болу үшін Kaspi.kz-тегі Магазинді дамытудамыз. Біздің команда тұрақты түрде ассортиментті ұлғайтып, жаңа серіктестер қосып, бүкіл ел аумағына жеткізу ауқымын ұлғайтуда. Жыл басынан бері Қазақстанның 54 қаласының тұрғыны 69 миллиард теңгеге 900 мың тапсырыс жасады. Тапсырыс саны өткен жылмен салыстырғанда 2 еседен жоғары немесе 116%-ға өсті. Сәуірдің екінші жартысында біз тапсырыстарды өз есебімізден тегін жеткіздік, бұл карантин мен төтенше жағдай кезінде аса маңызды болды. Сондай-ақ біз сәуірде онлайн сатып алуды бұдан да тиімді жасап, сүйікті клиенттерімізге Kaspi Gold пен Kaspi Red арқылы сатып алған әрбір зат үшін 10% бонус сыйладық».
«Пандемия жағдайында және вирустың таралу қаупі жоғары кезде жеткізу мүмкіндігімен онлайн сатып алу көптеген қазақстандықтар үшін тек ыңғайлы және қажетті ғана емес, біздің серіктестерімізге сату көлемі мен жұмыс орнын сақтап қалуға көмектесті. Біздің команда Президент жанындағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қолдауымен және әкімшіліктердің жанындағы жедел штабтар, серіктестер мен курьерлік қызметтермен бірге жеткізу жұмыстарын ұйымдастырып, қазақстандықтардың үйден шықпастан, қауіпсіз жағдайда зат сатып алуы үшін барын салды. Біздің команда және сүйікті клиенттеріміздің атынан бүкіл ел аумағында, әрбір қалаға онлайн сатып алған затты жеткізу қызметін ұйымдастыруға көмектескен әр адамға алғыс айтамыз» деп атап өтті Михаил Ломтадзе.