Журналистер арасында байқау жарияланды

(0 Votes)

"AMANAT" партиясы жыл сайынғы дәстүр бойынша Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында журналистер арасында байқау жариялайды!

Биыл бұл конкурсқа да бірқатар  өзгеріс енгізілді.   

Біріншіден, байқауға жаңа атау берілді. Қазір ол "AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ" деп аталады.

Екіншіден, номинациялар енді жанрлық сипатта емес, тақырыптық бағытта болады.

Биыл "AMANAT МЕДИА СЫЙЛЫҒЫ" 10 номинация бойынша беріледі:

1) «Жаңа Қазақстанды» құру туралы үздік материал;

2) «АМАNAT» партиясының трансформациясы туралы үздік материал;

3)      Әлеуметтік мәселеге арналған үздік материал;

4)      Аймақ туралы үздік материал;

5)      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы туралы үздік материал;

6)      Жастар туралы үздік материал;

7)      Рухани және мәдени дамуға арналған үздік материал.

Арнайы сыйлықтар:

1)      Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері» сыйлығы;

2)      Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;

3)    Белсенді азаматтық ұстанымы үшін сыйлығы.

Құрметті журналистер, байқауға қатысу үшін өз жұмыстарыңызды маусым айының 20 жұлдызына дейін жолдай аласыздар.

Басқа да қажет ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады – https://amanatpartiasy.kz/news/news-detail/292001?lang=ru.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521