Жүргізуші куәлігі «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ мамандандырылған филиалдары (Мамандандырылған ХҚКО) арқылы ҚР Ішкі істер министрлігімен беріледі.
Жүргізуші куәлігін рәсімдеуге мемлекеттік баж құны – 1,25 АЕК. Рәсімдеу мерзімі – 90 минут.
Жүргізуші куәлігін жоғалтқан жағдайда сізге келесі құжаттармен Мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну қажет:
- жеке куәлік;
- 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама;
- мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек (құны – 1,25 АЕК). Кассаға кезекте тұрмау үшін сіз жүргізуші куәлігін алу үшін мемлекеттік баж салығын онлайн-сервис арқылы төлей аласыз.
Гаухар ТАГАБЕРГЕНОВА,
Атырау қаласы бойынша мамандандырылған ХҚКО маманы