Жұмысшының еңбегі ел игілігі

Жұмысшының еңбегі ел игілігі
(0 Votes)

Қоғам дамуының қозғаушы күші – еңбек адамы. Әр салада өзінің терін төгіп, елге пайдасын тигізіп жүрген жұмысшы мамандардың еңбегі – мемлекет үшін де, халық үшін де аса қымбат. Бүгінгі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауы – еңбек адамының мәртебесін көтеруге, жастарды нақты кәсіпке бейімдеуге жасалған зор қадам. 

Жұмысшы – қолымен ғана емес, жүрегімен де еңбек ететін жан. Олар күнделікті тұрмысымыздың әр саласында бар: құрылысшы үй тұрғызады, тігінші киім тігеді, жүргізуші жолға шығарады, дәнекерлеуші өндірісті ұстап тұрады. Қарапайым көрінгенімен, әрқайсысының еңбегінсіз қоғам өмірі тұралап қалады. Президент Жолдауында жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру, олардың еңбегін бағалау қажеттігі айтылды. Елімізде дуальды білім беру жүйесі дамып келеді: жастар колледж қабырғасында теориялық білім алып қана қоймай, құрылыс алаңында тәжірибе жинақтайды. Жұмысшы мамандарды дәріптеу – еңбек адамының қадірін арттыру ғана емес, жастарды нақты кәсіпке баулып, елдің өркендеуіне үлес қосу. Сондықтан олардың әрбірінің маңдай тер еңбегі – халықтың игілігі, елдің болашағы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT