Жұмысшы мамандықтарын меңгеру – заман талабы

Жұмысшы мамандықтарын меңгеру – заман талабы
фото: www.gov.kz
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы – уақыт талабынан туындаған маңызды шешім.

Бұл бастама қоғамда еңбек адамының мәртебесін арттыруға, кәсіби білімнің беделін көтеруге және еліміздің өндірістік әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс күн санап артып келеді.

Десе де өндіріс, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында білікті кадрлар тапшы. Бұл салалар – ел экономикасының негізін құрайтын маңызды бағыттар. Сондықтан жұмысшы мамандықтары тек техникалық кәсіп қана емес, ел дамуына елеулі үлес қосатын жауапты қызмет болып отыр.

Бүгінгі жастарға осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Жұмысшы мамандығын игеру – тек күнкөріс қамы емес, бұл – тұрақты еңбек, кәсіби даму, қоғам алдындағы жауапкершілік. Ал олардың сапалы білім алуына жағдай жасалып, заманауи технологиялармен жабдықталған кәсіптік білім беру орындарының санының артуы жастарға сапалы білім алуына жол ашады деп ойлаймын.

Қабылхан Омаров

Ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT