Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары
Сурет: uralskweek.kz
(0 Votes)

Қазіргі таңда елімізде жұмысшы мамандықтар бойынша мамандардың жетіспейтіні белгілі. Бұл мәселе турасында Президентіміз мемлекеттің кадрлық әлеуетін арттыруға нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Шынтуайтынына келгенде соңғы уақыттарда қара күш пен ауыр еңбекті талап ететін жұмысшы мамандықтарды таңдайтын жастардың қатары азайған. Есесіне жасыратыны жоқ жеңіл жұмыспен қалтансын қампитуды ойлайтын жастарымыздың қатары көбеюде. Одан қалды жұмыс таңдайтындары да бар. Осы орайда мемлекет тарапынан жұмысшы мамандық иелеріне көрсетілетін қолдау осы аталған мәселені шешудің бір жолы деп білемін. 

Сонымен қатар, ел Президенті өз Жолдауында жұмысшы мамандық иелеріне зор құрмет көрсетілетінін жеткізген болатын.

«Біз түрлі саладағы мамандарға, қатардағы жұмысшыларға құрмет көрсетуіміз қажет. Бәсекеге қабілетті экономикасы бар озық ел боламыз десек, ең алдымен, адал еңбекті бағалаған абзал. Сондықтан, инженерлерге, геологтарға, кен орнын игеруші мамандарға, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласының қызметкерлеріне, ғалымдар мен өнертапқыштарға берілетін құрметті атақтар мемлекеттік марапаттар санатына қосылады»-, деді Мемлекет басшысы.

Иә, биылғы жылды еңбегі ауыр, қызметі елеусіз қалатын жұмысшы мамандық иелеріне арнауда ел экономикасын көтеруге бағытталған іс шаралардың бірі болмақ. Ендеше, мұндай мамандық иелерінің адал еңбегін ел арасында кеңінен насихаттауымыз керек.

Б.Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT