Жұмысшы мамандықтар – заман талабы

Жұмысшы мамандықтар – заман талабы
(0 Votes)

Мемлекет басшысы биылғы жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы» деп бекіткен болатын. Бұл бастама жұмысшы мамандардың қызметін елеп, олардың еңбек жағдайын жақсарту мақсатында жүзеге асып отыр. 

Сол себепті биылғы жылы осы жұмысшы мамандарға арналған бірқатар жаңа бағдарламалар бекітіліп, тиімді жобалар жүзеге асты.

Бұл ел Президентінің жұмысшы мамандарға деген құрметтің анық белгісін көрсетті.

Жасыратыны жоқ, бүгінгі қоғамда қарапайым жұмысшылар өздерінің қажырлы еңбегімен ел өркениеттің өркендеуі үшін өлшеусіз үлес қосуда.

Олардың атқарған қызметінің арқасында бүгінде еліміз бірқатар айтулы жетістіктерге жетіп, алдыңғы қатарлы, дамыған елдердің қатарына қосылды.

Осы ретте Мемлекет басшысының биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп бекітуі ұтымды шешім деп ойлаймын.

Өйткені ел экономикасының дамуы, осы еңбегі ауыр болғанымен, қызмет саласы көріне бермейтін қарапайым жұмысшылардың қызметінің арқасы.

Шаяхмет Ищанғалиев,

ардагерлер кеңесінің мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT