Қазіргі заманда жұмысшы мамандықтарының маңызы артып келеді. Бұл мамандық иелері – зауыттарда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету салаларында еңбек етіп, ел экономикасының дамуына тікелей үлес қосады. Олар – еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің, төзімділіктің жарқын үлгісі.
Сондай-ақ, бұл мамандық иелері – күнделікті өміріміздің қалыпты жүруіне себепші, көзге көрінбейтін, бірақ аса қажетті жұмыстарды атқарып жүрген нағыз еңбек адамдары.
Жалпы, жұмысшы болу – тек дене күшімен жұмыс істеу емес, ол – тәртіп, ұқыптылық, уақытты бағалау, еңбек қауіпсіздігін сақтау және үнемі кәсіби шеберлікті арттырып отыру.
Өйткені қоғамның дамуы мен өркендеуі – жұмысшы еңбегімен тікелей байланысты.
Сәбит Халенов,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы