Жұмысшы мамандар еңбегі бағалы

Жұмысшы мамандар еңбегі бағалы
(0 Votes)

Ауданымызда түрлі салада – ауыл шаруашылығы, құрылыс, жол жөндеу, білім беру және әлеуметтік бағыттарда кәсіби білікті жұмысшы мамандарға қажеттілік жоғары. Жұмысшы мамандар – қоғам дамуының, өндіріс пен шаруашылықтың тұрақты тірегі.

Бүгінгі таңда ауданымызда еңбек нарығын дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту және жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы тұрғындарға кәсіптік оқыту, қайта даярлау және тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктері жасалуда.

Махамбет аудандық Мансап орталығы әрбір жұмысшы маманның еңбегін жоғары бағалайды және олардың қоғамдағы орнын ерекше құрметтейді.

 

Д.НАГИМОВ

Мансап орталығының директоры,

Махамбет ауданы

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT