Жүк вагондары өндірісі жолға қойылды

Жүк вагондары өндірісі жолға қойылды
(0 Votes)

Облысымызда жүк вагондарын шығаратын зауыт өндірісінің ауқымы кеңеймек. Бұл аймақтың ғана емес, еліміздің экономикасына оң серпін берері сөзсіз. Себебі, біздің елде теміржолдағы жүк тасымал өте ірі көлемде. 

Өткен жылы қызметін бастаған вагон құрастыру зауыты сыйымдылығы 3 мың тонна болатын сұйытылған газ сақтайтын қойма салып жатыр. Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ақбөбек Шарғабаева да өз сөзінде:

-Алдағы уақытта «Тексол Транс» ЖШС вагон зауытын әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, өндіріске қажетті қосалқы бөлшектерді, вагонның басқа да түрлерін жасап шығармақ. Мұның бәрі өңірдегі теміржол-көлік саласының өркендеп, елді жұмыспен қамтуға, экономиканың дамуына өз септігін тигізеді,-деп растады.

Осы жылы аяқталуы тиіс қойманың жалпы құны 7 млрд теңге құрайды. Ал, алдағы уақытта 60 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Өткен жылы өз жұмысын бастаған өндіріс жылына 6 мың жүк вагонын шығаруға қауқары жетеді. Мұндай қарқынмен, ел арасындағы жүк тасымалына оң серпін беріп, жүк вагондары тапшылығын біржолата шешеді деген сенімдемін.

Ерназ Алтайұлы,

Жылыой ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT