Сыбайлас жемқорлықты жою, онымен күресу қай мемлекет үшін де ең басты мәселе болып қала берері сөзсіз. Біздің елімізде де бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндеттерінің бірі.
Алайда, өзінің жұмысының тезірек бітуін қалайтын, заңнамаларды айналып өтуге тырысатын, өз кезектерін күтуге шыдамсыздық танытатын және басқа да жағдайлармен кейбір жеке тұлғалар барлық мәселені ақшамен, таныстық байланыспен шешуге болады деп түсінеді және соны тиімді деп есептейді. Осыдан келіп сыбайлас жемқорлық көріністері туындайды. Сондықтан оны болдырмас үшін әр адам өз құқықтарын білуі керек. Барлық заңды білу мүмкін емес болар, бірақ әр адам өзінің тиісті кәсібіне, денсаулық қорғау, білім алу, мемлекеттік көмек алу, жұмыспен қамтылу, тұрғын үй құрылыс, т.б. өмірлік маңызды мәселелеріне қатысты заңнамалармен таныс болуы қажет.
Жемқорлыққа қарсы күреске бәріміз бірігіп қарсы тұрмасақ және ол тұрақты жүргізілмесе жойылуы қиын. Бұл ретте, Мақат аудандық сотта парақорлықты жою, жолын кесу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Жылдан-жылға заң талаптарын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін азайтуға бағытталған күрестің мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.
Ел ертеңін ойлап, келер ұрпақ пен кемел болашақтың санасы сыбайлас жемқорлық дертінен айығып, салауатты өмірге бастау алсын десек, ел экономикасы мен әлеуметінің тұрақталуы үшін тек заңның көндіре алатын күші болуы қажет. Сондықтан бұл кеселмен тек қана бір адам емес, барлығымыз жұмыла күресуіміз керек.
А.САГАНДЫКОВА,
аудандық соттың бас маманы
Сурет: ашық дереккөз