ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау өңіріне іссапары барысында жол мәселесіне баса назар аударып, облыстағы жолдардың сапасыздығы мен жол құрылыс жолдарының баяу жүргізілетіндігі туралы сын айтып, бұл саладағы жұмыстарды тиісті мерзімде және сапалы аяқтауды тапсырған болатын.
Бұл ретте, Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында прокуратура органдарынан келіп түскен ұсыну негізінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты тәртіптік іс қаралды.
Аталған Басқарма басшысы мемлекеттік сатып алу шартының мерзімінің өтіп кеткеніне, құрылыс жұмыстары аяқталмай, жұмыстардың кешіктірілгеніне қарамастан тұрақсыздық айыппұлын өндірмеген, мердігер мекемені жосықсыз қатысушы ретінде тануға сотқа талап арыз бермеген, мердігер мекеменің жасалмаған жұмыстарына бюджет қаражатын аударған.
Осыған сәйкес, Басқарма басшысына жоғарыда аталған бұзушылықтар арқылы мемлекеттік қызметке кір келтіру фактісіне жол бергені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңеспен, заңдылық қағидатын басшылыққа алмай, Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін Атырау облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізілді.
Аталған лауазымды тұлғамен бірқатар негізсіз тексерулер тағайындалып, электрондық цифрлық қолтаңбаны сақтаудағы қажетті шаралар қолданбай және құқық қорғау органының заңдылық бұзушылығын жою туралы ұсынуы тиісті түрде қаралмағаны анықталды.
Әдеп жөніндегі кеңесте тәртіптік істерден бөлек, тиісті заңнама бұзушылықтарының алдын-алу, болдырмау және оларды жою мақсатындағы профилактикалық мәселелер де қаралды.
Атап айтқанда, Медициналық және формацевтикалық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі қызметі, сондай-ақ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бағытындағы жұмысы баяндалса, Мемлекеттік кірістер департаментінің тәртіптік комиссиясының есебі тыңдалды.
Осыған сәйкес, Әдеп жөніндегі кеңеспен мемлекеттік орган басшыларына тиісті ұсынымдар енгізілді.